05-07-24 |
11370 рет қаралған
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалды.
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалды

Әнші Қайрат Нұртас ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігі («Ұсақ бұзақылық бір жыл ішінде қайталап жасалған») және 73-бабының 1-1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша айыпталды.

Істі Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты онлайн режимінде қарады. Сотқа әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова мен інісі Аян қатысты. Әншінің өзі де желіде болып, өзінің де жәбірленуші екенін мәлімдеді.

«Бұл менің кінәм емес, мен бірінші соққыға жығылдым. Екеумізді ажыратты, мен тынышталдым. Алайда ол қайтадан келіп соқты, кейін төбелеске ұласты», – дейді Нұртас.

Жәбірленуші Асылбек Бекқайыровтың айтуынша, 2024 жылдың сәуір айында ол Нұртасқа тойдв өнер көрсетуін сұраған, әнші оған жауап бермеген.

Бекқайыровтың айтуынша, 4 шілдеде екеуі де ұшақ бортында кездейсоқ кездесіп, ол оқиғаның мән-жайын білу үшін Нұртасқа жақындаған. Нәтижесінде жәбірленушінің айтуынша, Нұртас оны ұрған.

Стюардесса оларды ажыратып, екеуін бөлек отырғызған.

Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова болған оқиғаға ұлы мен жәбірленуші де кінәлі деп санайды.

«Ашуланып оған жауап қайтарған, болды», – деді Айдарбекқызы.

Прокурор Қайрат Нұртасты 15 тәулікке қамауға алуды сұрады.

Бұл ретте әнші жоспарланған концерттерін алға тартып, айыппұлмен жазалауды сұрады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.