Сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, ұрлық мақсатынсыз залал келтіргені үшін 6 жылға сотталған экс-президенттің жиені Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты. Бұл туралы журналист Михаил Казачков жазды.
Қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 8 жылға шартты түрде сотталған інісі Самат Әбіш оны колониядан күтіп алған.
Еске сала кетейік, 16 тамызда Өскемен қаласының №2 соты өтелмеген жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстырған болатын. Сатыбалдының өзі үкімді өзгерту туралы өтінішхат берді, прокурор қарсылық білдірмеді; Сотталушы дәлел ретінде өзін оң сипаттағанын, үкім бойынша келтірілген залалды өтегенін, сондай-ақ жалпы сомасы 700 миллиард теңгеден астам мүлікті өз еркімен мемлекетке өткізгенін көрсетті.
Сатыбалды да жіберген қателіктері үшін Қазақстан халқынан көпшілік алдында кешірім сұрап, әрбір азамат үшін мемлекет мүддесі бірінші орында тұруы керектігін баса айтты.