![Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарудың тағы бір бөлігі табылды](https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/10/add3c3cac9d282d17cf00ee5301a35b7_1280x720-1024x576.jpg)
Осы жылдың 20 қыркүйегінде ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратура және полиция органдарының көмегімен жергілікті тұрғындар ұйымдастырған атыс қаруын өткізу арнасының жолын кескендерін мәлімдеді.
Қазақстанның 3 азаматы ұсталып, олардан 5 атыс қаруы және әр түрлі калибрдегі 128 патрон алынды.
![](https://arasha.kz/wp-content/uploads/2024/10/7cf0c78cbc1ea77f23f44cf05918d991_1280x720-1024x576.jpg)
2 бірлік қарудың 2022 жылғы «қаңтар» оқиғасы кезінде қару сататын дүкендерден ұрланғаны белгілі болды.
Қылмыстық кодекстің 287-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамдардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
-
06.02.2025
-
06.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025
-
05.02.2025