02-04-24 |
5540 рет қаралған
Қар суымен күреске 7 млрд теңге бөлінбеген, тек жоспарланған.
Қар суымен күреске 7 млрд теңге бөлінбеген, тек жоспарланған

Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов су тасқынының алдын алу және зардаптарын жоюға бөлінген 7 миллиард теңгенің қайда жұмсалғанын айтты.

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте журналистер вице-министрден бұл қаржының қайда жұмсалғанын сұрады.

«Түсіндіріп өтсем, шын мәнінде 7 миллиардтан астам теңге бөлінбеген, бірақ қарастырылған, сіз мұны дұрыс түсінуіңіз керек. Ал бұл қаржы ресурстары жергілікті атқарушы органдардың бюджеттерінде қарастырылған. Бүгінгі таңда әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, бұл қаражаттан 3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді және бұл қаражаттың барлығы су тасқынының алдын алуға және онымен күресуге жұмсалуда», – деді Сыздықов сейсенбі күні үкіметте өткен брифингте.

Естеріңізге сала кетейік, 14 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті басшысының міндетін атқарушы Алтай Мырзабаев жергілікті атқарушы органдар су тасқынына қарсы күреске 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлгенін айтқан болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.