Қарағанды облысындағы «Саранская» шахтасында кенші қаза тапты, деп жазды «Вечерняя Караганда» басылымы.
«Саранская шахтасында кенші қаза тапты. Дереккөздердің хабарлауынша, апат бүгін түнгі сағат 1.20 шамасында болған», – делінген сейсенбі күні таратқан хабарламада.
Басылымның мәліметінше, болт сынғандықтан 44 жастағы кеншінің үстіне металл конструкция құлаған.
«Ер адам қатты жарақат алған», – делінген хабарламада.