Кеше Қарағандыды қаласы Ә.Бөкейханов ауданы К. Цеткин көшесі бойында 2014 жылы туған бала абайсызда ашық құдыққа құлап кетті. Өздігінен шыға алмаған балаға ТЖД қызметкерлері көмекке келді.
Құтқарушылар баспалдақтың көмегімен жасөспірімді құдықтан аман-есен шығарды, оған медициналық көмек қажет болмады.