Қарағанды облысында екі қабатты үйде газ жарылып, екі адам қаза тапты.
Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, оқиға 2024 жылғы 30 қаңтарда сағат 00:07-де Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылында, Әуезова, 8а, 2 қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үйде болған.
«2-қабатта орналасқан, одан кейін пәтердің, қабырғалары мен төбелерінің, оның ішінде бірінші қабатта орналасқан № 7 пәтердің, жалпы алаңы 300 ш.м, жанусыз шатырдың толық құлауы орын алды. Бірінші қабаттағы № 5, 6, 8 және екінші қабаттағы 11, 12 пәтерлер де жартылай зақымданған. Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған», – делінген хабарламада.
Сағат 00-11 ден бастап 03-37-ге дейін құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 адамның мүрдесі және 5 жаралы адам табылған. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жұмысқа 139 адам мен 32 техника жұмылдырылды.
Құтқару жұмыстары аяқталды.
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінде 8-7212-517223 сенім телефоны ашылды. 25 азаматқа жедел психологиялық көмек көрсетілді.
Тұрмыстық газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт пен төтенше жағдайлардың алдын алу үшін:
– 2 қабаттан асатын тұрғын үйлерде газ баллондарын пайдаланбаңыз;
– үй-жайларды өз бетінше газдандыруды, газ аспаптарын, баллондарды және бекіту арматурасын ауыстыруды және жөндеуді жүргізбеңіз;
– жұмыс істеп тұрған газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз;
– газдың ағып кетуін тексеру үшін ашық отты пайдаланбаңыз (осы мақсатта сабын ерітіндісін қолданыңыз);
– балаларға газ аспаптарын пайдалануға жол бермеу және оларды қараусыз қалдырмау!
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024