Қарағанды облысында хабар-ошарсыз кеткен депутат әлі табылмай жатыр. Нұрлан Сүлейменовтің көлігі Нұра өзенінің түбінен табылған.
Қарағанды облысында шаруа қожалығының басшысы бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр. Алайда әзірге нәтиже болмай тұр.
62 жастағы шаруа қожалығының иесі өткен бейсенбіде көрші ауылға жұмыстарымен барған. Ертеңіне хабарласа алмаған жақындары іздеу жұмыстары бастады. Іздеуге сүңгуірлер тартылып, тікұшақ та қосылған.
Қазіргі уақытта тек депутаттың мініп кеткен машинасы ғана табылды. Көлік арнасынан асқан Нұра өзенінің жағасына қойылған.
«Көліктен ешкім табылған жоқ, бірақ алдыңғы сол жақ терезесі мен артқы сол жақ терезелері ашық. Қазір сол жерде құтқарушылар, сүңгуірлер жұмыс істеп жатыр: сегіз адам, үш қайық және екі техника. Іздеу жұмыстары жалғаса береді», – дейді Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін 8 сәуірге қараған түні Кәрім Мыңбаев атындағы ауылдан Тассуат ауылына көлікпен шыққан кәсіпкерге іздеу жарияланғанын хабарладық.