Астанада қазақ тіліндегі ас мәзірін беруден бас тартқан Qazaq Coffee кофеханасы жанжалдан кейін жабылды.
Qazaq Coffee орналасқан үй-жайдың иесі мекеме жұмысының тоқтағанын растады. Қазақстанда алғаш рет ашынған жұртшылықтың күшімен кофехана «жойылды».
Келген адам кофеханада қазақша ас мәзірі жоқ деген пікір қалдырса, мекеме өкілі қызметкерлердің қазақша сөйлесуге міндетті еместігін айтып, қисынсыз әрекет жасаған.
Осыдан кейін әлеуметтік желі қолданушылары кофехананы сынап, қазақ тілін құрметтемеді деп айыптап, рейтингін жаппай төмендетіп, бойкот жариялауға шақырды.
Осындай тіл дауы Chocofamily тобының иесі Рамиль Мухоряповпен де болды, бірақ оның бизнесі кешірім сұрағаннан кейін аман қалған еді.
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
09.01.2025
-
08.01.2025
-
08.01.2025
-
08.01.2025
-
08.01.2025
-
08.01.2025