Қарағанды облысындағы «Қазақмыс» шахтасында екі жұмысшы қаза тапты. Шахтада көміртегі тотығы бөлінгендіктен жұмысшылар уланып қалған.
«Қарағанды облысындағы Саяқ-3 кенішінде апат болды», – деп хабарлады Қазақмыс баспасөз қызметі.
«Барлық жұмысшылар дереу эвакуацияланды, өкінішке орай, екі жұмысшы қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды», – делінген хабарламада.