Бүгінгі үкімет отырысында Экология министірлігі Қазақстанда орман өртіне қарсы қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты.
Үкімет Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту бойынша 2023-2027 жылдарға арналған, жалпы сомасы 68 млрд теңгеден асатын кешенді жоспар қабылдады. Бұл осы саланы қаржыландырудағы рекордтық көлем.
2023 жылы Экология министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың табиғатты қорғау ұйымдары үшін 15,6 млрд теңгеге 45 өрт сөндіру автомашинасы, 51 шағын орман өрті кешені, 281 трактор, 149 патрульдік автомашина және 655 бірлік өртке қарсы жабдық (дискілі тырмалар, соқалар, тіркемелер) сатып алынған.
2024 жылы Кешенді жоспар аясында материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 3,8 млрд теңге, министрліктің табиғатты қорғау мекемелері үшін түрлі көздерден 15,4 млрд теңге бөлінді. Сатып алуға жоспарланған техника мен жабдықтар туралы ақпарат слайдта көрсетілген.
Министрдің айтуынша, табиғи өрттерді жою кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының алгоритмі бекітілген.
Экология министрлігінің аумақтық инспекциялары мемлекеттік орман иеленушілердің дайындығына тексеру жүргізді. Нәтижесінде 124 ұйғарым жазылып, 2,1 млн теңгеге әкімшілік айыппұлдар бойынша 26 хаттама толтырылған.
Азаматтық қорғаныс академиясының базасында мемлекеттік орман күзеті мен орман өрт сөндіру станцияларының 1332 қызметкері оқытылды.
Сонымен қатар, өртті бақылау мұнаралары мен орман өртін сөндіру станцияларының санын көбейту, сондай-ақ өртті ерте анықтау жүйелерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы өртке ең қауіпті учаскелері мен «Семей орманы» резерватына басымдық беріліп отыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорының ауданы 30,9 млн га құрайды, оның ішінде 13,7 млн га орман алқаптары.
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024