13-12-24 |
640 рет қаралған
Қазақстан-қытай шекарасында автокөліктерді өткізу уақытша тоқтайды.
Қазақстан-қытай шекарасында автокөліктерді өткізу уақытша тоқтайды

2024 жылғы 16-17 желтоқсан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

«Жақын арада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2024 жылғы 16-17 желтоқсан аралығында қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады», – делінген хабарламада.

Осыған байланысты, Комитет тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала түзетіп, өткізу пункттері жұмысының кестесіндегі ықтимал өзгерістерді ескеруді ұсынады.

«Комитет өткізу пункттері жұмысының өзгеруіне жедел ден қою және тасымалдаушыларды уақытылы хабардар ету үшін көрші елдердің құзырлы органдарымен белсенді ынтымақтастық жасауда. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.