27-08-24 |
4250 рет қаралған
Қазақстандық компания АҚШ санкциясына ілінді.
Қазақстандық компания АҚШ санкциясына ілінді

Астанада тіркелген Catu Tech Ltd. компаниясы АҚШ Қаржы министрлігінің санкция тізіміне енді.

ORDA мәліметінше, бұл Ресейге электронды жабдықтардың тұрақты жеткізілуіне байланысты орын алған.

«Catu Tech 23 тамыздағы санкциялар тізімінің соңғы басылымында көрсетілген. Бұл АҚШ қазынашылығының шектеулеріне ұшыраған жалғыз қазақстандық компания (тізімдегі қалған заңды тұлғалар Ресейде, Қытайда, БАӘ және Түркияда тіркелген)», – делінген хабарламада.

Өз кезегінде АҚШ Мемлекеттік департаменті бір жыл ішінде компания ресейлік мердігерлерге әскери өнеркәсіпте пайдалануға болатын чиптер мен басқа да құрамдас бөліктері бар 30-дан астам жүк жібергенін атап өтті.

Белгілі болғандай Валентин Столяров негізін қалаған Catu Tech Ltd. ұйымын қазір Алтынгүл Жұматаева басқарады.

Компания компьютерлердің, компьютерлік техниканың және бағдарламалық қамтамасыз етудің көтерме саудасымен айналысады.

2023 жылы Ресейге жеткізілім басталғаннан кейін Catu Tech салық шегерімдері 2,5 есеге өскені атап өтілді. 2022 жылдан бері компания шамамен 10 миллион теңге салық төлеген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.