arasha.kz

«Қазақтелеком» АҚ филиалының лауазымды тұлғалары мемлекетке 450 млн теңгегеден астам материалдық залал келтірген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұлттық компанияның жылжымайтын мүлік портфелін басқаруға жауапты бөлімше болып табылатын «Қазақтелеком» АҚ филиалы – сервистік фабрикасының лауазымды тұлғаларына қатысты өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Филиалдың бұрынғы бас директоры мен бірқатар қызметкерлері мемлекет мүддесіне қайшы және кәсіпкер үшін пайда табу мақсатында оған Тараз қаласындағы Қоғамның әкімшілік ғимаратын көрінеу төмен бағамен сатқан деп күдіктенеді.

Олардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 450 млн теңгегеден астам сомаға материалдық залал келтірілді.

Келтірілген зиянды өтеу жөніндегі қамтамасыз ету шаралары ретінде жоғарыда аталған нысанға тыйым салынды.

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Exit mobile version