26-09-24 |
2250 рет қаралған
«Қазпоштада» миллиондаған қаражат қолды болған – прокуратура.
«Қазпоштада» миллиондаған қаражат қолды болған – прокуратура

Алматы облысының прокуратурасы «Қазпоштада» көп милиондаған қаражатты жымқыру әрекеттерін ашқандарын мәлімдеді.

Алматы облысының прокуратурасы көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін қаражаттың түсуіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша «Қазпошта» АҚ-да бюджет қаражатын ысырап ету фактілерін анықтады.

«Осы факті бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, іс жүргізу Алматы облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді. Тергеу барысында «Қазпошта» АҚ кассирлері түбіртектерді бұрмалау арқылы төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденгені анықталды»,  – делінген хабарламада.

Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген.

Келтірілген залал сомасы 80 млн теңгеден астам.

Сот үкімімен 2 кассир аса ірі мөлшерде (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы) бөтен мүлiктi иемденіп алғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру және материалдық жауапты, сондай-ақ басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу түріндегі жаза тағайындалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.