13-12-24 |
920 рет қаралған
ҚМА Перизат Қайратқа қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты .
ҚМА Перизат Қайратқа қатысты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты 

Еске сала кетейік, ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.

Соттың санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған Астана қаласындағы «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» (тұрақ орындарын қоса алғанда), «Sensata Plaza» ТК, сондай-ақ «Vela Village» коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval автомобильдері қамауға алынған.

«Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. сияқты танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып, тәркіленді», – делінген хабарламада.

Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды. 

Тәркіленген заттар бойынша сол анықтайтын болады. 

Тергеу жалғасуда. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.