3 мамыр күні түстен кейін санитарлық авиация бригадасы миокард инфарктісіне шалдыққан 60 жастағы науқасты Қостанай облыстық ауруханасына жеткізу үшін Арқалық қаласына ұшып шыққаны анықталды.
Алдын ала болжам бойынша, қатты желдің салдарынан санитарлық авиация әуеге көтерілу кезінде аударылып қалған. Науқас жарақатсыз Арқалық аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Дәрігерлер мен ұшқыштар да зардап шеккен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде Қостанай облысына Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонған видео пайда болды. Кадрларда ұшақтың көлдің үстінен төмен ұшып бара жатқаны, содан кейін кенеттен көлге құлап, аударылғаны көрінеді.