Ақбөкендердің популяциясын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасында оларды тіршілік ету ортасынан, олардың бөліктері мен дериваттарынан (мүйіз, қан және т.б.) алуға (табуға, аулауға, атуға, жинауға, күресуге) тыйым салынады.
Арқалық қаласының прокуратурасы жергілікті тұрғын қала аумағында бірнеше рет ақбөкен етін заңсыз сатқаныy анықтады.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, оның барысында ақбөкеннің 5 ұшасының еті тәркіленді, мемлекетке келтірілген залал 21 млн теңгеден асты.
Сот азаматты экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындап, автокөлігін тәркіледі.
Үкім заңды күшіне енді.