17-02-25 |
590 рет қаралған
Қостанай облысында дәмхана өртенді.
Қостанай облысында дәмхана өртенді

Осы сәтте ТЖМ құтқарушылары Қостанай облысындағы дәмханалардың бірінде отпен күресуде.

Бүгін Рудный қаласында Ленин көшесіндегі бір қабатты жеке ғимаратта орналасқан дәмханалардың бірінде өрт шықты. Алдын ала ақпарат бойынша, шатырдың жануы орын алды.

«Өрт туралы хабарлама шұғыл қызметтерге түсіп, содан кейін оқиға орнына жедел өрт сөндіру жасақтары жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ», – делінген ТЖМ хабарында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.