Қостанай облысы Жітіқара ауданында өрт кезінде кәмелетке толмаған бес бала қаза тапты.
2024 жылғы 11 қазанда таңғы сағат 5:00 шамасында Жітіқара қаласының ТЖ бөліміне Клубная көшесі, 52 мекенжайы бойынша жеке үйдің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
Өртті сөндіруді ТЖД, “Қостанай минералдары «АҚ, Жітіқара қаласының құтқару бөлімшесі және «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС күштері жүргізді. Барлығы 19 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Өкінішке орай, өрт кезінде 5 кәмелетке толмаған бала қаза тапты.
Прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын және өрттің алдын – ала себебі-пешті қараусыз қалдыру болғанын мәлімдеді.
Оқиға орнына облыс прокурорының бірінші орынбасары Б.А. Бекбосынов барды.