arasha.kz

Қостанайда оқушыны көлігімен түйген мектеп директоры демалыс алды

Қостанай облысы Торғай ауылында  мектеп директоры оқушы қызды қағып кетті деген айып тағылды. Полиция мәліметінше, мектеп басшысы рөлге мас күйінде отырған. 

Оқиға 20 желтоқсан күні кешкі сағат 18:40 шамасында Жангелдин ауданында тіркелді. «Volkswagen Polo» автокөлігінің 62 жастағы жүргізушісі жол қиылысында  жүргіншіні қағып кетті.
Көлікке жамбасынан соғылған 14 жастағы қызды ауруханаға жеткізілді. Жарақаты жеңіл деп үйіне қайтарылған. Рөлде ауыл мектебінің директоры отырғаны айтылады.

«Медициналық тексеріс кезінде көлік жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас болған. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Соның негізінде процессуалдық шешім шығарылады», – дейді полицейлер.

Қостанай облыстық білім басқармасы мектеп директордың демалыс алғанын хабарлады.

«Жұмысқа шыққаннан кейін оның мәселесі педагогикалық этика жөніндегі кеңестің отырысында қаралады», – дейді мамандар.

Құқық қорғау органдары талап етсе, тергеу кезінде мектеп директорын қызметтен шеттетуі мүмкін.

Exit mobile version