Лисаковск қаласындағы түнгі клубтардың бірінде екі ер адамның арасындағы сөз таласы төбелеске ұласып, нәтижесінде бір адам қаза тапты.
Оқиға 12 қазан күні таңғы сағат алты шамасында орын алған. Бейнебақылау камералары жазбасында екі ер адамның алғашында тыныш сөйлескенін, бірақ кейіннен ақ күртеше киген ер адамның екіншісіне бет бұрып, агрессия көрсеткені анық байқалады. Жәбірленуші жауап ретінде оны жерге құлатып, одан әрі соққылай бастаған. Жанында тұрған қыздар агрессорды ұстап, зардап шеккен адамға көмектесуге тырысқанымен, ол есін жимай, ауруханада қайтыс болған.
Қостанай облысының полиция департаменті 22 жастағы күдіктінің ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына қамауға алынғанын хабарлады. Сот оның қамауға алу шешімін бекітті. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда адам өліміне әкелу) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Барлық қажетті тергеу шаралары атқарылуда.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024