
Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті «KTZ EXPRES» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру жүргізді, оның барысында 2021 жылы әскери тасымалдау аясында көлік-экспедиторлық қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілеу фактілері анықталды.
Тергеп-тексеру барысында Акционерлік қоғам белгілеген экспедиторлық комиссиялардың Қазақстан аумағы бойынша тасымалдау құнының 30% – ға жетіп, рұқсат етілген нормалардан асып кеткені анықталды.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотта істі қарау қорытындысы бойынша компанияға 10 114 304,84 теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 853 379,7 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды (сот қаулысы заңды күшіне енді).
БҚДАД тергеп-тексеруі Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізілді.
-
21.02.2025
-
21.02.2025
-
21.02.2025
-
21.02.2025
-
21.02.2025
-
21.02.2025
-
21.02.2025
-
21.02.2025
-
21.02.2025