2 мамыр күні кешке Құлсарыда да тасқыннан зардап шеккен тұрғындар баспана шығынын өтеуді талап етіп, алаңға жиналды.
Олар бір шаршы метр үшін 400 мың теңге төлеуді талап етті және ақша қолға берілсін немесе «есепшотымызға аударылсын» деп айтты.
Кей тұрғынның айтуынша, алаңға жиналғандар қарасы көбейіп, жүзге жеткен. Олар талаптары орындалмайынша алаңнан кетпейтінін айтқан. Халықты полиция бақылап тұрған, деп жазды Азаттық радиосы.
Тұрғындар алдына әуелі аудан әкімі орынбасарлары Гүлнафиз Айшуақова мен Нұрболат Сарманов келді. Олар барлық тұрғын үй шығыны төленеді деп уәде берді. Кейін аудан әкімі Жұмабек Қаражанов та мұны қайталады.
Тұрғындар әкімнің уәдесінен шаршағанын, енді тек президент Тоқаевқа қайрылатынын айтады.
«Қартайғанда тым болмаса өзіміз үшін өмір сүреміз деп ойладық, балаларды түгел үйлендірдік, тұрмысқа бердік. Енді қалай өмір сүреміз деген сұраққа тағы да басымызды қатырып келеміз. Мұнай үстінде отырмыз, ал күйіміз мынау, аянышты. Тұрғын үй алаңына қарай 1 шаршы метрге 400 мың теңге төленсін. Үйлерді қалай салуды және қайда тұруды өзіміз шешеміз» деді қала тұрғыны Толқын Қожахметова.
Кешкі сағат сегізде жиналған жұрт түнгі сағат бірге дейін тарамады.
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
26.12.2024
-
26.12.2024