05-02-25 |
370 рет қаралған
Құстармен соқтығысу бойынша дәлел табылмады. Әзербайжан тарапы ұшақ апатына қатысты түсінік берді.
Құстармен соқтығысу бойынша дәлел табылмады. Әзербайжан тарапы ұшақ апатына қатысты түсінік берді

Бұл мәлімдемені Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігі жасады. Еске салсақ, апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағы «Әзербайжан Әуе жолдары» (AZAL) компаниясына тиесілі еді.

Ведомство келесі фактілерді растады:

▪️ Баку–Грозный бағытында тұрақты рейс орындаған J2-8243 ұшағы ұшу сәтінен бастап толықтай ұшуға жарамды күйде болған.

▪️ Екі қозғалтқыш та апат болғанға дейін техникалық ақаусыз жұмыс істеген.

▪️ РФ әуе кеңістігінде, соның ішінде Грозный әуежайы үстінде ұшу кезінде ұшақ GPS сигналдарын жоғалтқан.

▪️ Грозный үстіндегі нашар ауа райына байланысты әуе кемесі екінші рет қонуға әрекеттене алмаған. Осыдан кейін ұшқыш Бакуге оралу туралы шешім қабылдаған. Бұл шешім қабылданғаннан кейін Cockpit Voice Recorder (CVR) құрылғысы арқылы Грозный үстінде 24 секунд айырмашылықпен екі сыртқы дыбыс тіркелген.

▪️ Бірінші сыртқы дыбыстан төрт секунд өткен соң үшінші гидравликалық жүйе істен шыққан, алты секундтан кейін – бірінші гидравликалық жүйе, тағы 21 секундтан кейін – екінші гидравликалық жүйе істен шыққан.

▪️ Фюзеляжда көптеген соққыдан пайда болған және тесілген зақымдар анықталған. Бұл зақымдардың басым бөлігі фюзеляждың артқы бөлігінде, тік және көлденең тұрақтандырғыштарда, сондай-ақ сол жақ қанат пен сол жақ қозғалтқышта орналасқан.

▪️ Фюзеляждағы зақымдар сыртқы объектілердің әсерінен пайда болған. Ұшақтың құстармен соқтығысуына қатысты ешқандай дәлел табылмаған.

▪️ Ұшаққа тиесілі емес бөгде заттар анықталып, алынған. Бұл заттардың суреттері көпшілікке ұсынылды. Олардың нақты қайдан шыққанын анықтау үшін қосымша сараптамалар жүргізілмек.

▪️ Сағат 05:13:32-де басқарудың негізгі жүйелері істен шыққан. Сағат 05:21:42-де Грозныйға жауапты диспетчер «Кілем» операциясының жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

▪️ Есепте оттегі баллонының жарылысына қатысты ешқандай ақпарат жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.