21-08-24 |
4930 рет қаралған
Қыз зорлады деген Жанкош Тұраров түсінік берді.
Қыз зорлады деген Жанкош Тұраров түсінік берді

Боксшы Жанкош Тұраров әлеуметтік желіде ешқандай қызды зорламағанын айтып, мұндай қауесеттің қайдан шыққанын білмейтінін мәлімдеді.

Бұған дейін жергілікті БАҚ-та боксшы 28 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінгені туралы хабар тараған еді. Боксшы үстінен ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын айтып, ондай хабарды таратушыны сотқа беретінін мәлімдеді.

«Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтайтын боламын», – деп жазды боксшы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.