arasha.kz

Қызылорда облысында браконьерлер ұсталды

Қызылорда облысында аңдарды заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды.

2025 жылғы 4 ақпанда сағат 04:05 шамасында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы аумағында жүргізілген рейдтік іс-шара барысында «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның жедел әрекет ету тобының инспекторлары УАЗ Хантер маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Автокөлікті тексеру барысында 53 бас қоян, 1 дана аңшы мылтығы (12-калибр), 1 дана прожектор, 6 дана патрон анықталған.

Аталған факті бойынша 2025 жылғы 4 ақпанда Сырдария АПБ-да ҚР ҚК 337-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Exit mobile version