25-10-24 |
630 рет қаралған
Ресейде этникалық кикілжің орын алып, сығандар қауымы соққыға жығылды.
Ресейде этникалық кикілжің орын алып, сығандар қауымы соққыға жығылды

Ресейдің Челябі облысында 40 жастағы әйелді өлтіргеннен кейін этникалық негізде тәртіпсіздіктер орын алды. Сығандар қауымы тұратын Коркино қаласында жергілікті тұрғындар жаппай тәртіпсіздікке айналған стихиялық жиынға қатысты. Қақтығыс салдарынан ондаған адам ұсталып, екеуі жарақат алды.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, жақында Челябі облысының Коркино қаласында такси жүргізушісі болып жұмыс істеген 40 жастағы Елена Сарафанова айуандықпен өлтірілген. Бұған дейін әйел екі жас жігітті жеткізіп салған. Такси жүргізушісі мен жолаушылар арасында жанжал туындап, салдарынан ер адамдардың бірі оның кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұққан. Әйел сол жерде көз жұмды, оның мәйіті 23 қазанда көліктен табылды.

Полицейлер 17 жастағы күдіктіні ұстады. Адамдардың айтуынша, өлтірілген әйелдің жолаушылары екі сыған болған. Бұл этникалық негізде толқулар тудыруға себеп болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.