11-05-24 |
7560 рет қаралған
Ресейде өзенге құлаған автобусты тәжік жүргізген.
Ресейде өзенге құлаған автобусты тәжік жүргізген

10 мамырда Санкт-Петербургте жолаушылар мінген автобус бірнеше көлікті соғып, Киссинг көпіріндегі қоршауды бұзып өтіп, Мойка өзеніне құлады.

Белгілі болғандай автобусты 44 жастағы Тәжікстан азаматы тізгіндеген. Әйелінің айтуынша, ол жұмыс кестесінің қолайсыздығынан үнемі ұйқысы қанбай жүрген.

«Справедливый Россия» жетекшісі Сергей Миронов оқиғадан кейін мигранттарға қоғамдық көлікте жұмыс істеуге тыйым салуды ұсынды.

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан жеті жолаушы қаза тапты, оның біреуі Қазақстан азаматы.

Қаза тапқан отандасымыз Көкшетау қаласының тумасы 28 жастағы Марина Ю. Ол Санкт-Петербургте Васильевский аралының Косой жерінде тұрған. Марқұм табиғи косметика сатумен айналысып, әлеуметтік желіде блог жүргізген. Ол кішкентай баласының суреттерін үнемі жариялап тұратын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.