09-03-24 |
23830 рет қаралған
Синагогаға келушілерге террорлық шабуыл жасамақ болған екі қазақ атыс кезінде оққа ұшты.
Синагогаға келушілерге террорлық шабуыл жасамақ болған екі қазақ атыс кезінде оққа ұшты

Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Калуга облысының аумағында лаңкестік әрекет жасамақ болған «ДАИШ» халықаралық лаңкестік ұйымының Ауғанстандағы «Вилаят Хорасан» ұяшығы мүшелерінің жолын кескенін мәлімдеді. Олар Мәскеудегі еврей діни мекемелерінің біріне шабуыл жасамақ болған.

Қылмыскерлер қауіпсіздік органдарының назарына тиісті ақпаратты жинаған тұлғалар ретінде түскен. Одан әрі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында МТО содырлары атыс қаруын қолданып, синагогадағы шіркеу қызметкерлеріне шабуыл жасауға дайындалып жатқаны анықталды.

Ұстау барысында олар Ресей ФСБ қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсетіп, нәтижесінде жауап оқпен залалсыздандырылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресейде өлтірілген екі қазақстандыққа қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Ведомство Ресейде қаза тапқан екі ер адамның қазақстандық екенін және олар жақын күндері көрші елге кеткені туралы ақпаратты растады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында Ресей Федерациясында теракт ұйымдастыру әрекеті кезінде екі Қазақстан азаматын ресейлік күш құрылымдарының жойғаны туралы ақпарат жарияланды. Олардың Қазақстан азаматты екені және бұл тұлғалардың Ресейге кеткені расталды. Бұл факті бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ҰҚК.

ҰҚК тексеру ФСБ-мен тығыз байланыста жүргізілетінін айтты. Басқарма толығырақ ақпаратты жария етуден бас тартты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.