arasha.kz

Ресейде «военкоматты» өртемек болған азамат 25 жылға сотталды

Әскери комиссариатты өртемек болған Новосібір тұрғыны 25 жылға сотталды. Бұл бұған дейінгі жазалардың ішіндегі рекордтық мерзім болып отыр.

Новосібір соты 24 жастағы Илья Бабуринді қатаң режимдегі колонияда 25 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл Ресейдегі әскери комиссариаттарды өртеу және орын алмаған өртеу үшін ең ауыр жаза.

Бабурин 2022 жылдың қыркүйегінде әскери комиссариатты өртеуге оқталып, теракт ұйымдастырмақ болды деген айыппен қамауға алынған. Кейін оған тағы бес бап бойынша айып тағылды: мемлекетке опасыздық жасау, терроризм, заңсыз қарулы топ пен лаңкестік ұйымның қызметіне қатысу, телефонды заңсыз тыңдау.

«Ынтымақтастық аймағы» жобасына сәйкес, сот Бабуринді мемлекетке опасыздық және лаңкестік әрекетті ұйымдастыру сияқты бірқатар баптар бойынша кінәлі деп тапты. Ол 25 жылдық жазасының бес жылын түрмеде, қалған 20 жылын қатаң режимдегі колонияда өткізуі керек.

Exit mobile version