Ресейдің Нижегород облысы, Джержинск қаласындағы «Кристалл» технологиялық процесс кезінде зауыттың тротил шығаратын цехында бірнеше жарылыс болған, деп хабарлайды ТАСС. Жарылыс салдарынан 43 адам зардап шегіп, 200 үй және бірнеше әлеуметтік нысан зақымдалған. Сондай-ақ, жарылыстан соң өрт шығып, жақын маңдағы орманға жайылған.
Жергілікті билік қалада төтенше жағдай жариялап, жарылыстан үйлері зақымдалған тұрғындарға жан-жақты көмек берілетінін айтқан.