arasha.kz

Ресейден әкелінген қызанақтан қауіпті вирус анықталды

Қазақстанға Ресейден әкелінген қызанақтан қауіпті вирус анықталды. Бұл туралы АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мәлімдеді.

«Астана темір жол» ФББ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлармен карантиндік фитосанитариялық бақылау қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында Ресей Федерациясы аумағынан әкелінген 108 орын немесе 2700 дана болатын бума пакетте қызанақтың тұқымдары қауіпті вируспен залалданғанын анықтады. Өнім елорда аумағына еңгізуге тыйым салынды және «НТП Kazecotech» компаниясының мамандандырылған пешінде өртеу әдісімен жойылды.

Қызанақтың қоңыр қатпарлы вирусы (тобамовирус, ToBRFV) тұқымдарда сақталады және байланыс арқылы оңай таралады. Бұл вирустың адам денсаулығына зияны жоқ, алайда Solanaceae тұқымдас барлық дақылдарды зақымдайтын қауіпті патоген. Вирус жаппай таралған жағдайда өнімнің 80% ға дейін жойылуы мүмкін», – деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, аталған факті бойынша ӘҚБК-нің 400-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы негізінде өнім иесіне әкімшілік іс қозғалып, 103 376 теңгеге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, батыс гүл трипсі карантиндік объектісімен залалданған 1320 дана раушан, хризантема және гипсофила гүл кескіндері де өртеу әдісімен жойылды. Кодекстің 400-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы негізінде әкімшілік істер қозғалып, өнім иесіне 251 056 теңге айыппұл салынды.

Зиянкес 250-ден астам өсімдік түрлерін зақымдайды. Оның ішінде жеміс-жидектер мен көкөністер және гүлдер. Зиянкес өсімдіктік жасуша шырындарымен қоректенеді, жаппай таралған кезде өсімдіктің солуына және өлуіне әкеліп соқтыратын қауіпті карантиндік объект. Яғни өнімнің сапасымен өнімділігін төмендетеді. Одан бөлек, зиянкес қызанақтың қауіпті вирустарын да тасымалдаушы болып табылады. Айта кеткен жөн зиянкес адам денсаулығына қаупі жоқ.

Exit mobile version