Біз
әлеуметтік
желіде
21-05-25 |
210 рет қаралған
Ресей Орталық Азиядан келген 20 мың мигрантты соғысқа жіберген.
Ресей Орталық Азиядан келген 20 мың мигрантты соғысқа жіберген

Ресейдің Украинаға қарсы әскери әрекеттеріне жаңадан азаматтық алған 20 мыңнан астам ресейлік азамат қатысуда. Олардың басым бөлігі – Орталық Азия елдерінен шыққан мигранттар. Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкин мәлімдеді.

«Біз қазірдің өзінде 80 мың осындай азаматты анықтадық. Олар тіпті әскери комиссариатқа барғысы келмейді. Соның ішінде 20 мың жас азамат – бір себеппен Өзбекстанда, Тәжікстанда немесе Қырғызстанда өмір сүру ұнамаған – қазір майдан шебінде жүр», – деді Бастрыкин.

Бұған дейін украиналық «Хочу жить» жобасы соғысқа қатысқан болуы мүмкін 661 Қазақстан азаматының тізімін жариялаған еді. Олардың кемінде 78-і қаза тапқан.

Жоба авторларының айтуынша, ресейлік вербовщиктер (жалданушыларды тартушылар) ТМД елдерінен келген мигранттарды – әсіресе Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтарын – нысанаға алуда.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.