Новосібір тұрғыны Илья Погиблов «Көк кит» атты ашық арна құрып, онда әлеуетті құрбандарды суицидке итермелеген.
Барлық байланыс мессенджерлер арқылы жүргізілген. Погиблов әңгімелесушілерін тапсырмаларды орындауға көндіріп, оларды өз-өзіне қол жұмсауға дайындаған.
Қазақстанда тыйым салынған бұл ойынның кураторы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Оған үш бап бойынша айып тағылды:
▪️ РФ ҚК 110.2-бабы — өзін-өзі өлтіруге итермелеуге бағытталған әрекетті ұйымдастыру;
▪️ РФ ҚК 110.1-бабы — суицид жасауға азғыру;
▪️ РФ ҚК 150-бабы — кәмелетке толмағандарды қылмысқа тарту.
Илья Погиблов бұл топты 2023 жылы ұйымдастырған. Сот оның «басқа адамдардың өліміне деген патологиялық қызығушылығы» болғанын анықтады. Погибловтың әрекеттерінен ешкім зардап шеккен жоқ, өйткені құқық қорғау органдары дер кезінде араласқан.
Мұндай ойынның көптеген түрлері бар, олардың бірі 2024 жылдың күзі Қазақстанда балалар арасында жаппай суицидке себеп болған болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіріп, үйлердің шатырларынан секірген балалардың ата-аналары мен жақындары бұл қайғылы оқиғаға «Қызыл дельфин» ойынын (реплай) күдікті санаған.