Біз
әлеуметтік
желіде
01-06-25 |
670 рет қаралған
Ресейде пойыз жүріп бара жатқанда темір жол көпірі опырылып түсті, қаза тапқандар бар.
Ресейде пойыз жүріп бара жатқанда темір жол көпірі опырылып түсті, қаза тапқандар бар

Түнде Брянск облысында Тросна – Калиновка тас жолының 48-шақырымында жолаушылар пойызы «Климов – Мәскеу» өтіп бара жатқан сәтте көпір құлады. Құрамның бір бөлігі автокөлік жолына құлаған.

Зардап шеккендер саны екі есеге артты. Жеті адам қаза тапты, 69 адам жарақат алды, олардың үшеуі – балалар.

«Үш адамның жағдайы ауыр. Жалпы 44 зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Тағы 22 адам амбулаториялық ем қабылдап жатыр», — деп мәлімдеді өңір губернаторы Александр Богомаз.

Сондай-ақ ауыр жарақат алғандардың бірі – бала екені белгілі. Ол санавиация күшімен Мәскеуге жеткізілді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қайғылы оқиға көпірдің жарылуы салдарынан болған.

Қазір зардап шеккендерді эвакуациялау аяқталды. Қираған аумақты тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар-жоғы әзірге белгісіз.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.