“Қазавтожол” ҰҚ” АҚ-ның 10 сәуірдегі мәліметінше, еліміздің республикалық маңызы бар 8 жол жүру учаскесі жабық.
Ведомства автомобиль жолдарын су шайып кетудің бірден-бір себебі – күннің күрт жылып, қардың тез еруі салдары екенін атап өтті.
«2024 жылғы 10 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде су тасқыны орын алды», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 365 бірлік техника мен 701 адам жұмылдырылған.