arasha.kz

Риддердегі өрт оқиғасына қатысты тергеу басталды

ШҚО полициясы Риддер қаласында тіркелген өрт оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша Риддер қаласының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 204-бабы, 2-бөлігі (отқа ұқыпсыз қарау арқылы жасалған бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталу үстінде», – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 10 мамырда Шығыс Қазақстанда орман өртенді. Риддер қаласы маңындағы өртте Лесхоз елді мекенінің бірнеше үйі жанып кетті.

Өрт салдарынан бір әйел адам көз жұмды және қазіргі кезде 35 үйдің күлге айналғаны белгілі болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысында өрттен зардап шеккендерге тиісті деңгейде көмек көрсетуді тапсырды.

Сондай-ақ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жанындағы дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

Exit mobile version