Бұл туралы халықаралық Reuters агенттігі хабарлады.
Франциск Папа (дүниедегі аты — Хорхе Марио Бергольо) Латын Америкасынан шыққан католик шіркеуінің алғашқы басшысы және иезуиттер орденінен шыққан алғашқы Папа болды. Ол 88 жаста еді, әрі 12 жылға созылған понтификаты барысында түрлі дерттерді бастан кешірді.
2022 жылы Франциск Қазақстан мен Ватикан арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында Астанаға келген болатын.
«Қасиетті әке, сіздің ертеңгі съезге қатысуыңыз оның табысты өтуін қамтамасыз етеді және Қазақстан мен бүкіл әлемдегі католиктердің жүрегін қуанышқа бөлейді», — деген еді сол кезде Тоқаев.
Кетер алдында Рим Папасы Қазақстанның амандығы мен бейбітшілігі үшін дұға ететінін уәде еткен болатын.