Біз
әлеуметтік
желіде
16-05-25 |
240 рет қаралған
Санкт-Петербургте қазақстандық студент терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды.
Санкт-Петербургте қазақстандық студент терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Санкт-Петербургте Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қызметкерлері қазақстандық студентті терроризмді ақтап, насихаттады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің қала бойынша басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында күдікті терроризмді ақтайтын ұрандарды көпшілік алдында айтқан. Бүгін тергеушілер мен ФСБ қызметкерлері оны ұстады. Тінту барысында насихаттық әдебиеттер тәркіленген.

Жақын арада оған ресми айып тағылып, бұлтартпау шарасы туралы шешім қабылданады.

Анықталғандай, ұсталған азамат – Қазақстан тумасы. Ол Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Еуропалық университет және өзге де жоғары оқу орындарының студенттері мүшелік еткен «Жұмысшы билік» атты солшыл радикалды топтың мүшесі болған. Тергеу дерегіне сәйкес, ол топ жиналыстарында назар аударту мақсатында кісі өлтіруге үндеген. Осы іс аясында бейсенбі күні құқық қорғау органдары топ мүшелерінің тұрғылықты жерлерінде тінту жүргізді.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.