Қарағанды облысы Сарань қаласында дүкенді тонау кезінде сатушыны өлтірді деген күдікті ұсталды.
«Сарань қаласының 27 жастағы тұрғынын өлтіру фактісі бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Қарағанды облысы ПД тергеу тобы 50 жастағы ер адамды қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасуда», – деп Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында сатушыны өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатынбыз. Дүкендегі қарақшылық шабуылдың видеосы әлеметтік желілерде тараған болатын.