20 тамызда Сәтбаев қаласында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жанжал болды. Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушыларын жедел анықтады.
Жанжал кезінде 16 жасар жасөспірім 16 және 17 жастағы екі баланы пышақпен жарақаттаған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, жанжалға қатысушы жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиелеуде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге толық жауапты екенін және олардың мінез-құлқын бақылауға міндетті екенін еске салады. Кәмелетке толмағандар жасаған кез-келген құқық бұзушылықтар ата-аналары үшін ауыр зардаптарға әкеледі. Ата-аналарды балаларын тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауға және заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін шаралар қабылдауға шақырамыз.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024