Біз
әлеуметтік
желіде
21-05-25 |
250 рет қаралған
Сәуірде ғана әскерге шақырылған жас сарбаз Аягөз ауруханасында көз жұмды.
Сәуірде ғана әскерге шақырылған жас сарбаз Аягөз ауруханасында көз жұмды

Абай облысында 18 жастағы мерзімді әскери қызметші бактериалды менингиттен қайтыс болды. Ол 19 мамырда, ауруханаға жатқызылған соң үш күн өткенде көз жұмған.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 16 мамыр күні сарбаз өзін жайсыз сезініп, дене қызуы көтерілген соң Аягөздегі әскери госпитальге жатқызылған.

Сарбаз  СҚО-дан 2025 жылдың 25 сәуірінде әскерге шақырылған Саламат есімді бозбала.

Туыстарының айтуынша, оның денсаулығында елеулі ақаулар болған:

Омыртқасы ауырған, көру қабілеті нашар және әскери қызметке жарамсыз деген анықтамасы да болған. Соған қарамастан, туыстарының сөзіне сенсек, сәуір айында үйлеріне әскери форма киген екі адам келіп, әскери қызметтен жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік пен 4 миллион теңге айыппұл салынатынын айтып қорқытқан. Медициналық тексерістен кейін «құжатқа белгі қойып береміз» деп уәде беріп, Саламатты әскерге алып кеткен.

18 мамырда отбасыға сарбаздың жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған. Анасы ауруханаға жеткенде баласын ес-түссіз күйде, аяқтарында көгерген іздермен көрген. Көп ұзамай жүрегі тоқтап қалған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. СҚО-дағы әскери шақыру комиссиясында ішкі тексеріс басталды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.