Біз
әлеуметтік
желіде
28-12-23 |
6700 рет қаралған
Семей тұрғынынан Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары тәркіленді – ҰҚК.
Семей тұрғынынан Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары тәркіленді – ҰҚК

ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады.

Тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленді.

Семей тұрғынынан Сақ дәуірінің зергерлік бұйымдары тәркіленді – ҰҚК

Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.