
Желіде бірнеше баланың өз қатарластарын қорлап, ұрып-соққаны түсірілген қорқынышты видео пайда болды. Олар жерде жатқан баланың басынан теуіп, қатыгездік танытқан. Шабуылдаушылардың арасында ұлдар да, қыздар да болған.
Құзырлы органдар қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Барлық қатысушылар тез арада анықталып, ата-аналарымен бірге бөлімшеге жеткізілді.
Кәмелетке толмағандар арнайы есепке қойылады, ал олардың ісін облыстық кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия қарайды.
«Ата-аналар балаларының тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылады. Оқу орны әкімшілігіне оқиғаға себеп болған жағдайларды жою туралы ұсыну енгізіледі», – деп мәлімдеді полиция.
Білім басқармасы қызметтік тергеу басталғанын хабарлады. Оның қорытындысы бойынша мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының жауапкершілігі қаралады, себебі олар бақылауды әлсіретіп, тәрбие жұмыстарын жеткіліксіз жүргізген.
Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева зардап шеккен баланы өңірлік омбудсменнің барып көргенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта балаға қажетті психологиялық көмек көрсетілуде.
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025