arasha.kz

Семейде ядролық сынақ құрбандарын еске алды

Облыс орталығында Семей полигонының жабылуына арналған дәстүрлі «Бейбітшілік акциясы» өтті.

«Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсенділері, жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Шара аясында халықаралық ядролық қарсы іс-қимыл күніне арналған көрме қойылды. Сондай-ақ, Абай облысының қалалары мен аудандарында түрлі акция, көрме, коференциялар ұйымдастырылды.

Семей полигоны осыдан 33 жыл бұрын, 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Осылайша Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып ядролық қарудан бас тартқан ел болды.

Exit mobile version