Абай облысының тұрғыны «жигулидің» салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған. Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына «жайғасып» алғанын көруге болады.
35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.