Мемлекетаралық авиация комитеті Bek Air әуе компаниясына тиесілі апатқа ұшыраған Fokker-100 ұшағының қара жәшігіндегі жазбалар оқылды деп хабарлайды.
Мемлекетаралық авиация комитеті әуе кеңістігін пайдалану бойынша азаматтық авиацияның мемлекетаралық келісіміне сәйкес 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы әуежайынан ұшу кезінде апатқа ұшыраған Fokker-100 ұшағының тергеу жұмыстарына белсене қатысып жатыр деп хабарлайды.
«МАК ғылыми-техникалық орталығында ұшақтағы өздігінен жазылатын рейстің апат болған кезде түскен жазбалары (дыбысты және параметрлі) оқылды. Материалдардың барлығы тергеу комиссиясына тапсырылды. Бұл мәліметтердің сараптама нәтижелері оқиғаның хронологиясын қалпына келтіруге және апаттың салдарын анықтауға мүмкіндік береді», – делінген таратылған ақпаратта.
Тергеу жөніндегі комиссияның шешімі бойынша МАК Нидерланд, Қазақстан және EASA мамандарымен бірігіп ұшудың математикалық моделдеу жұмыстарын бастаған.
Бұған дейін ҚР премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр аталған әуе кемесіне мұз қатқандықтан апат болған деген фактіні коммисия болжап отырғанын айтқан.
Еске салсақ, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы әуежайынан ұшқан Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы әуеге көтеріле бере апатқа ұшығараған еді. Апаттан 12 адам қаза тапты.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
17.11.2024