27-05-24 |
6910 рет қаралған
Шарын шатқалы маңында туристер мінген автобус апатқа ұшырады.
Шарын шатқалы маңында туристер мінген автобус апатқа ұшырады

Бүгін (27 мамырда) Алматы облысының Кеген ауданында жол апаты болды: алдын ала мәлімет бойынша, туристер мінген автобус жүргізушісі Аласа асуындағы күрт бұрылыста тізгінге ие бола алмай қалған.

Өткел «ҚазАвтоЖол» операторының желісіне тиесілі, деп нақтылады облыс әкімдігі. Оқиға орнына Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы аттанды.

Автобуста 37 адам болған. 5 адам Кеген аудандық ауруханасына, 4 адам Жалағаш ауруханасына, тағы 4 адам Шелек ауылына жеткізілді.

Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.