Қазақстан Республикасының күш құрылымдарында тағы бір қайғылы оқиға орын алды. 2005 жылы туған қатардағы жауынгер АК-47 автоматымен басынан екі рет атқан. Бұл 7 қараша күні кешкі сағат бесте болған, деп жазды ORDA.
19 жастағы сарбаз Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара әскерінде (Зайсан пункті) қызмет еткен. Ол Түркістан облысының тумасы. Өз-өзіне қол жұмсау туралы жазба табылмаған.
Қайтыс болған әскер қатарына шақырылған сарбаздың басынан екі оқ жарақаты табылғанымен, өлім себебі ретінде «механикалық асфиксия» көрсетілген. Тергеу басталды.
ҰҚК алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид, деп хабарлады.
Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024